Сенім телефоны
8(7182)-60-42-89
email: sosh24@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
8(7182)-60-42-89
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«ӘЛЕУМЕТТІК-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕШЕН ТҰЛҒАНЫҢ ӘЛЕУМЕТТЕНУІНІҢ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ»
10-04-2018 14:06
«ӘЛЕУМЕТТІК-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕШЕН ТҰЛҒАНЫҢ ӘЛЕУМЕТТЕНУІНІҢ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ»

«ӘЛЕУМЕТТІК-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕШЕН ТҰЛҒАНЫҢ ӘЛЕУМЕТТЕНУІНІҢ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ»

№24 ЖОМ ММ «Әлеуметтік-педагогикалық кешен тұлғаның әлеуметтенуінің факторы ретінде» атты мектептің даму бағдарламасының аяқталуы аясында ата-аналарға, шағын аудандағы әлеуметтік қызметтердің өкілдеріне ашық есік күні өткізілді. Мектеп мұғалімдері оқушылардың тұлғалық әлеуметтену мәселесін ашатын ашық сабақтар мен сыныптан тыс ісшараларды өткізді, сондай-ақ педагогтар, аулалық клубтар, шағын аудан тұрғындары арасындағы жаңа үлгідегі оқушыларға тәрбие беру бойынша «Әрекет алаңы» атты бірлескен әрекеттері ұсынылды. Бірлескен әрекеттің осындай түрі мектепте әлеуметтік-педагогикалық кешен деп аталатын балалар, педагогтар, ата-аналар, шағын ауданның тұрғындарының қауымдастығын құру үшін жағдай жасайды, оларды бір-біріне жақындатады. Қонақтар ретінде Павлодар қаласының құрметті азаматы, өлкетанушы, жазушы-публицист Э.Д. Соколкин, «Географтар үйінің» өкілі М.Н. Кочетков, СҚӨ үйірмесінің жетекшісі, «Бірлік» клубының жетекшісі Г.Б. Сулейменова, шебер Баязитулы Куандык, шахматтан халықаралық ойындардың чемпионы И.В. Санников, польша диаспорасының өкілдері шақырылды. Жас химиктар, биологтар, қазақ және ағылшын тілдерінің білімпаздары өз білімдерін көрсетті, жас журналистер өздерінің бірінші сұхбаттарын алды, жас спидкуберлер басқатырғыштарды шешуде жарысты, жас суретшілер, қолөнершілер өнерлерін көрсетті. Робот техникасы алаңы қатысушыларды ерекше қызықтыра түсті. Қонақтардың пікірі бойынша, ісшара ойдағыдай өтті, жас ұрпақтың дамуына әлеуметтік бағыттың тигізетін ықпалы зор екені атап өтті.