Сенім телефоны
8(7182)-60-42-89
email: sosh24@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
8(7182)-60-42-89
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қазақстан Республикасының рәміздері күні
04-06-2018 12:17
Қазақстан Республикасының рәміздері күні

Қазақстан Республикасының рәміздері 1992 жылы 4 маусымда қабылданды. Мемлекеттік нышандарын зерделеу: Тудың, Елтаңбаның, Әнұранның мәні мен мағынасын түсіндіру Тәуелсіз Қазақстанның болашақ азаматтарын тәрбиелеудің негізін қалаушы бағыттардың бірі. Әрбір оқушы рәміздердің мемлекеттің қалыптасу процесіндегі ролі мен мәнін терең түсініп, еліміздің мемлекеттік Туын, Елтаңбасын және Әнұранын қастерлеу рухында тәрбиеленіп, Республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтемегені үшін жауапкершілікке тартылатынын сезініп, мемлекеттік нышандар туралы терең білімі болуға міндетті.

Осы мерекеге, орай оқушылармен зағип және көру қабілеті төмен азаматтарға арналған кітапхананың қызметкерлері №24 мектеп оқушыларына рәміздер туралы толығымен мәлімет берді, абонемент, оқу залдарымен таныстырды.

№24 ЖО мектебінде профильдік лагерьде «Шарықта, бостандық қыраны» атты викторина жалғасын тапты. Әрқашанда Қазақстанымыз Туымен тұғырлы, елтаңбасымен еңселі гимнімен айбатты болсын!!! Мерекеміз құтты болсын!!! ( «Білгірлер», «Болашақ » топтарының жетекшілері Смағұлова К.С, Мұсабекова Г.А.)