«Білгіштер» атты интеллектуалдық сайыс
20 қыркүйегінде 3 сыныптар арасында тілдер мерекесіне арналған «Білгіштер» атты интеллектуалдық сайыс өтті.
Сайысқа 3 «ж», «д», «г» «е», сынып оқушылары қатысты. Сайыс 3 турдан тұрды.
Мақсаты: Ой-өрісін, тіл байлығын дамыту, шапшаң ойлауға, ойын жинақтап жеткізе білуге үйрету.
Ойынның шарты: Жылдам, ұтымды және сұраққа толық жауап беру керек.
Ойын ІII турдан тұрады: «Тас қақпа», «Cөзжұмбақ әлемінде», «Кел, ойнайық та, ойлайық та».
Сайыстың мазмұны салт-дәстүрлер, әдет-ғұрып, ұлы ақын-жазушыларға және 22-қыркүйек мерекесіне арналған сұрақтармен қамтылды.
Сайыста оқушылар жүлделі орындарға ие болып, мақтау қағаздарымен марапатталды.
Өткізген мұғалімдер: Н.С. Умиева Г.К. Машгутова Б.Ж.Идрисова