Г. Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінде
2018 жылдың 17 қазан күні тарих пәні мұғалімі жетекшілігімен 5 а, 7 а сынып оқушылары Г. Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінде болды. Оқушыларға алғашқы қауымдық археология, көшпелі өркениет, қазақ этнографиясы, Павлодар қаласының тарихы, Қазақ хандығы, Тәуелсіздік залдары бойынша музей экспонаттарымен және де облысымыздың тарихын баяндайтын шолу экскурсия өткізілді.