Сенім телефоны
8(7182)-60-42-89
email: sosh24@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
8(7182)-60-42-89
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
БАЛАҒА МАХАББАТ СЫЙЛА
30-10-2018 12:31
БАЛАҒА МАХАББАТ СЫЙЛА

Елімізде 29 қазанда мерекеленетін Республикалық Қамқоршы күні аясында Павлодар қ. №24 ЖОМ ММ 27 қазан күні «Балаға махаббат сыйла» ұранымен мереке ұйымдастырылды. Биыл аталған мерекені ересектер мен балалар арасында өткізуге шешім қабылданды. Мерекені мектеп директоры Н.Ш. Рахимгожина қамқоршыларға олардың мейірімділігі, жан жылуы, белсенді өмір ұстанымдары үшін алғыс сөзімен ашты. Нургуль Шампатовна барлық қамқоршылардың өз міндеттерін дұрыс атқаратындығын, баланың тәрбиесә мен білім алуына ерекше көңіл бөлетіндерін атап өтті. Біздің қонақтарымызға мектеп оқушыларымен дайындалған мерекелік концерт көрсетілді. Мерекелік бағдарлама кезінде жетім балалар мен ААҚҚ балаларының демалыстары мен қызығушылықтары, мектеп өмірі бейнеленген мультимедиялық презентация көрсетілді. Баласының фотоларына қамқоршылар үлкен сүйіспеншілікпен, таңданумен қарады. Қамқоршы күнін ұйымдастыруға демеушілік білдірген «МҚҰ KMF» ЖШС қызметкерлері қамқоршыларды құттықтады. Олар әр балаға тәттілер, ал ересектерге «МҚҰ KMF» ЖШС логотипі бар пакетте азық-түліктер сыйлады. Аталған іс-шараның екінші демеушісі ретінде «Best Milk» ЖШС келді, оның қызметкерлері балаларға сүт өнімдерін (йогурт, тәтті ірімшік) сыйға тартты. Қамқоршылар атынан алғыс сөзімен «Жыл тәрбиешісі - 2017» қалалық байқауының «Алтын жүрек» номинациясының иегері екі қыздың қамқоршысы Шыныбаева Карлыгаш Хамитовна шықты. Мерекеден кейін жиналған қонақтар мерекелік дастарханның басына өтті. Дастарханды мектеп асханысының жалдаушысы «Кошумбеков» ЖК дайындады. «Ақжол» ЖШС қызметкерлреі өз фирмасының логотипі бар үлкен торт сыйға тартты. Особенное человеческое спасибо «МҚҰ KMF» ЖШС (басшысы Лунева Ирина Викторовна), «Ақжол» ЖШС (басшысы Антонюк Денис Владимирович), «Best Milk» ЖШС (басшысы Якушев Виктор Григорьевич) ұйымдары мен қызметкерлеріне зор алғысымызды білдіреміз. Меньщикова Ф.Ч., мұғалім және балалар құқығын қорғау жөніндегі қоғамдық инспекторы