Сенім телефоны
8(7182)-60-42-89
email: sosh24@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
8(7182)-60-42-89
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
№24 ЖОМ ММ-ДЕ ҚАЛАЛЫҚ САРАПТАМАЛЫҚ КЕҢЕСІ ӨТТІ
23-11-2018 09:15
№24 ЖОМ ММ-ДЕ ҚАЛАЛЫҚ САРАПТАМАЛЫҚ КЕҢЕСІ ӨТТІ

2018 жылғы 22 қарашада №24 ЖОМ ММ-де қалалық сараптамалық кеңесі өтті. Сарапшылар ретінде қалалық білім беру бөлімі басшысының орынбасары Г.А. Шиндлярская, инновациялық орталықтың әдіскері Л.А.Алейник, білім беру бөлімінің әдіскері К.К. Ильясова, ПМҰО Өрлеу АҚ филиалының бөлім меңгерушісі А.Р. Жунусова, К.Т. Мусина, Павлодар қаласы мектептерінің директорлар орынбасарлары, мектептің әлеуметтік серіктестері. Мектептің «Әлеуметтік-педагогикалық кешені тұлғаның әлеуметтенуінің жағдайы ретінде» дамыту бағдарламасын іске асырудың қорытындылары және алдағы дамытудың негізгі бағыттары туралы мектеп директоры Н.Ш. Рахимгожина сөз сөйледі.

Қонақтар «Менің жетістігім» атты оқушылардың жетістіктері көрмесіне қатысты. Мектеп мұғалімдері ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар көрсетті.«Mobil World» әрекет ету алаңы», «Жастар City 24 KZ» жобалар миксі атты іс-шараларына қатысты.

Мектепте тәрбие мазмұнын жаңарту және оның жалпы білім беру жүйесіндегі рөлін арттыру үрдістері дамуда. Мектептің педагогикалық ұжымы тәрбие міндеттерін шешудің жаңа

тиімді жолын іздеу бойынша шығармашылық жұмыс атқаруда. Мектеп оқу әрекеті мен сабақтан тыс жұмыстары арасындағы байланысты, сондай-ақ біртұтас тәрбие кеңістігін қалыптастыра отырып, тәрбие үрдісінің субъектілері – педагогтар, оқушылар мен ата-аналар арасындағы өзара байланысты іске асырады.

Мектеп дәртүрлерінің бірі – бұл жылдан жылға, күннен күнге тұрақты дамитын оқушылардың рухани-адамгершілік тәрбиедегі ата-аналар қауымдастығымен қарым-қатынас орнату. Мектептің отбасылармен жасалған көпжылғы тәжірибесі баланың бойында өз-өзіне сену қабілеттерін дамыту, көзқарастарын, әлеуметтік дағдыларын қалыптастыру тек отбасылармен тығыз байланыста ғана іске асатынын атап өтті Н.Ш. Рахимгожина.

Қонақтар педагогтардың, ата-аналардың, аула клубтары өкілдерінің, шағын аудан тұрғындарының бірлесе жасайтын оқушыларды тәрбиелеудің, оларға білім, білік, дағдыларын қалыптастырудың жаңа жұмыс түрі - «Mobil World» әрекет ету алаңын» көрді. Аталмыш тәрбие жұмысының түрі өткен жылы іске қосылды. Әрекет ету алаңы сенбілік еңбекпен қамту аясында айына бір рет өткізіледі. Әр бала өзіне ұнайтын қызмет түрін таңдап, қатыса алады. Егер сабақ көңілінен шықса, бала мектеп үйірмелеріне, секцияларына, «рақым», «Жігер» аула клубтарына баруды жалғастырады. Алаңдағы сабақтарды мектеп мұғалімдерімен бірге ата-аналар да балаларды өзінің кәсібіне және әуестігіне әуестендіру үшін өткізеді.

Бұл бірлесе жасалатын әрекет ету формасы педагогикалық үрдісі қатысушылары әрекеттесуінің заманауи формасы сияқты жақандатады, мектепте әлеуметтік-педагогикалық кешен деп аталатын балалар, педагогтар, шағын аудандары тұрғындарының қауымдастығын құру үшін жағдай жасайды.

Дамыту бағдарламасын іске асыру жылдары мектеп бойынша жалпы оқу-тәрбие үрдісімен қанағаттанудың жоғары деңгейін анықтаған оқушылар саны 15%-ға артты, қанағаттанудың төмегі деңгейі 13 пайыздан 3 пайызға кеміді.

Әлеуметтену бағдарламасы әр баланың дамуына ықпалын тигізді. Оған суреттердің авторлық, шығармашылық көрелері, шығармашылық жобалар, шығармашылық кештер дәлел.

Мектеп әкімшілігі «Білім көшбасшысы - 2018» қалалық байқауына қатысып, 1 орын иеленді. Бағдарламаны іске асыру аясында табысты азаматтармен, тұлғалармен, ЖОО өкілдерімен, Павлодар композиторы М.Каримовамен, ақын О.Григорьевамен кездесулер өтті.