Сенім телефоны
8(7182)-60-42-89
email: sosh24@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
8(7182)-60-42-89
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
2 ТОҚСАННЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ БОЙЫНША «ҚЫЗЫЛ ЖОЛ»
19-01-2019 10:10
2 ТОҚСАННЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ БОЙЫНША «ҚЫЗЫЛ ЖОЛ»

Бүгін 19 қаңтар күні №24 ЖОМ ММ-де 2018-2019 оқу жылының 2 тоқсан қорытындылары шығарылды. Мұғалімдер мен ата-аналардың қатысуымен екінші тоқсанның барлық жетістіктері үшін мадақтамалар берілді, мұғалімдер және оқушылар «қызыл жолмен» өтті. Оларды мектеп директоры, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Тәрбие және білім» менеджері Рахимгожина Нургуль Шампатовна құттықтады. Бірінші болып дене тәрбиесі мұғалімі Хаербаев Ардак Талгатович шықты. Ол ҚР БҒМ министрі Е.К. Сағадиевтің мақтау қағазын алды. «Қызыл жолмен» Республикалық пән олимпиадасының қалалық және облыстық кезеңінің жеңімпаздары да өтті. Ольков Денис 10 «в» сынып оқушысы, биологиядан Республикалық пән олимпиадасының қалалық кезеңінің 1 орын иегері және биологиядан Республикалық пән олимпиадасының облыстық кезеңінің қатысушысы. Тоқтар Аида 9 «в» сынып оқушысы, физикадан Республикалық пән олимпиадасының қалалық кезеңінің 3 орын иегері, «Ақ бота» интеллектуалдық марафонының жеңімпазы, 3 орын, «Ертіс сыңғыры-2018» атты бард әндері байқауының жеңімпазы, 1 орын. Кукса Анна 9 «в» сынып оқушысы, орыс тілі мен әдебиеті пәнінен Республикалық пән олимпиадасының қалалық кезеңінің 2 орын иегері, «Ертіс сыңғыры-2018» атты бард әндері байқауының жеңімпазы, 1 орын. Кабулдинова Алсу, 10 «в» сынып оқушысы, орыс тілі мен әдебиеті пәнінен Республикалық пән олимпиадасының қалалық кезеңінің 2 орын иегері. 1 сынып оқушыларының бүгін жұлдызы жарқырай түсті. Олар «Ақ бота» республикалық интеллектуалдық марафонның, «Пони» халықаралық байқауының жеңімпаздары атанды. Барлығы «қызыл жолмен» мектептің 138 оқушысы өтті.