Сенім телефоны
8(7182)-60-42-89
email: sosh24@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
8(7182)-60-42-89
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«ЗАМАНАУИ САБАҚ ТҮЙІНДІ ҚҰЗЫРЕТТЕРДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТИІМДІ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ» ТАҚЫРЫБЫНДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС
02-02-2019 13:22
«ЗАМАНАУИ САБАҚ ТҮЙІНДІ ҚҰЗЫРЕТТЕРДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТИІМДІ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ» ТАҚЫРЫБЫНДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС

Бүгін «Павлодар қаласының №24 жалпы орта білім беру мектебі» ММ-де «Заманауи сабақ түйінді құзыреттерді қалыптастырудың тиімді құралы ретінде» тақырыбында педагогикалық кеңесі өтті.

Мақсаты: «заманауи сабақ» және «тиімді сабақ» ұғымдарын түсініп, өзінің педагогикалық тәжірибесінде қолдана білу. Педкеңеске дайындалу барысында бірқатар жұмыстар атқарылды: педагогтар мен оқушылармен сауалнама жүргізу, сабақтарды тексеру, ӘБ-ге үй тапсырмасын беру.

Педкеңесі үш кезеңнен тұрады: шақыру кезеңі, мәнін түсіну кезеңі, рефлексия кезеңі.

Мәнін түсіну кезеңінде әр ӘБ педкеңестің тақырыбын ашатын мәселелері бойынша тапсырмаларды орындау туралы есеп берді. Уақытша шығармашылық топтар тиімді заманауи сабақтың критерийлерін анықтап, жаңартылған білім мазмұны жағдайында тиімді қолдана білуін көрсетті. Мектептің жас педагогтары осы шараға белсенді қатысты. Сараптамалық тобы педкеңестің соңында қорытынды шығарды. «Заманауи тиімді сабақ» атты байқауды өткізу бойынша шешім қабылданды.

ДҒӘЖО: А.Г. Балтабаева