Сенім телефоны
8(7182)-60-42-89
email: sosh24@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
8(7182)-60-42-89
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Қазақстан - туған жерім!» ұлттық қуыршақтардың көрме-вернисажы
01-03-2019 13:54
«Қазақстан - туған жерім!» ұлттық қуыршақтардың көрме-вернисажы

«Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру аясында №24 ЖОМ ММ-де «Қазақстан – туған жерім!» атты ұлттық қуыршақтардың көрме-вернисаж ы өтті.

2019 жылғы ақпанның 23-нен 28-не дейін №24 ЖОМ ММ-нің фойесінде ата-аналар мен қонақтар ұлттық киімдегі қуыршақтарын қызықтап қарап жүрді. Әртүрлі қуыршақтар бар: осы барлық жауһарларды балалар ата-аналарының көмегімен өз қолдарымен жасады. Қуыршақтар арасында қалыңдық қуыршақ, қалыңдық пен күйеу жігіт жұбы, анасы мен ұлы, әкесі мен қызы, егіз қуыршақ, жаулық киген әже қуыршақ, ертегі кейіпкерлері және т.б. бар. Ең кішкентай қуыршақтың биіктігі 20 сантиметр, ал ең биігі бір жарым метрге жетеді.

1-11 сынып оқушылары арасында іс-шараға дайындық қаңтар айының басынан басталды. Барлық сыныптардың оқушылары осы байқауға қатысуға үлкен белсенділік танытты. Ата-аналарымен бірге алдымен материал таңдап, өздігінен жасауға тырысты. Балалар мен ата-аналар ойлау жасампаздығымен ерекшеленіп, жоғары деңгейлі дайындықтарын, алға қойған мақсаттарына жете алатындарын көрсетті. «Балалар дайындық барысында қазақ халқының тарихын, әдет-ғұрыптарын, салт-дәстүрлерін біліп, дүниетанымдары артып, өздерін жаңа қырынан көрсетті», - деп үлкен қуанышпен айтады ата-аналар. Байқауды бағалайтын қазылар алқасы көптеген оқушылардың жұмысын жоғары бағалады. Байқаудың жеңімпаздары 2019 жылғы 5 наурызда өтетін «Ана жүрегі» атты аналар форумында марапатталады.

Байқауға қатысқан оқушыларға, ата-аналарға және мұғалімдерге зор алғысымызды білдіреміз. Осындай жобалар оқушыларды рухани-адамгершілік қасиеттерін, қазақ халқының мәдениетін, салт-дәстүрін құрметтеуге тәрбиелейді.