8 НАУРЫЗБЕН ҚҰТТЫҚТАУ!
Әлемнің көптеген елдерінде 8 наурыз күні Халықаралық әйелдер күні болып табылады. Қазақстан да тыс қалған жоқ. Қазақстанда осы күн мерекелік және демалыс күні болып табылады. Көптеген ұйымдарда әйелдерге арналған мерекелік шаралар өткізіледі. 5 «Ж» сынып оқушылары да өздерінің аналарын, әжелерін және әпкелерін құттықтады. Іс-шарада оқушылар өлеңдерін оқыды, гитарада «Ақбақай-сегіз сері» ойнады, қыздар көңілді би биледі, әртүрлі конкурстар өткізілді.