Сенім телефоны
8(7182)-60-42-89
email: sosh24@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
8(7182)-60-42-89
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Дәмді бауырсақ» сайысы
19-03-2019 11:35
«Дәмді бауырсақ» сайысы

Наурыз мерекесі қарсаңында 18 наурыз күні №24 ЖО мектебінде 4, 5- сынып оқушылары арасында «Дәмді бауырсақ» сайысы өтті.

Іс-шараның мақсаты- қазақтың ұлттық тағамдарының ерекшелігі мен құндылығын, қазақ халқы дастарханының басты дәмі-бауырсақ екенін көрсету. Бауырсақты әзірлеу түрлерін дәріптеу, дайындалу жолдарын жаңғырту.

Оқушылар аналарымен бірге әзірлеген бауырсақ түрлерінің дайындау жолдарымен таныстырды. Бұл сайысқа барлық оқушылар белсенді қатысты. Сайыстың соңында оқушылар мектеп ұжымына өздерінің дайындаған дәмді бауырсақтарынан дәм татырды.

Іс-шара бауырсаққа арналғандықтан, әділқазы алқалары бауырсақтың жасалу жолдарына ғана көңіл бөліп, келесі критерийлермен бағалады:бауырсақ түрлерінің саны,бейнебаян н/е презентация/ қорғауы, бауырсақ құрамы мен дайындау әдісі, ұлттық киім.

Сайыстың талаптарына сүйене отырып, әділқазы алқаларының шешімі бойынша:

4- сынып оқушылар арасында: І орын- 4 «Д», 4 «Ә», ІІ орын-4 «Б», ІІІ орын-4 «Г»

5- сынып: І орын- 5 «Ә», ІІ орын-5 «Г», ІІІ орын-5 «Е», қалған сыныптар

«Әдемі бауырсақ»,«Көрермендер көзайымы»,«Әдемі ұсынылған бауырсақ», «Ең үздік бейнебаян» номинацияларына ие болды.

Іс-шара мақсатына жетіп, көңілдерінен шықты.