Жалпыұлттық ата-аналар жиналысы
15 мамырда 18.30. сағатта Халықаралық отбасы күніне арналған «Отбасы тәрбиесі - өскелең ұрпақтың азаматтылығын тәрбиелеудін негізі» жалпыұлттық ата-аналар жиналысы өтті.
Ата-аналар жиналысының мақсаты–отбасылық тәрбие мәселелерін талқылауға ата-аналарды қатыстыру, олардың жауапкершілігін және балаларды тәрбиелеудегі рөлін арттыру.
Жалпыұлттық ата-аналар жиналысының күн тәртібіне:
- «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру- тәрбие негізі;
- Ата-аналар мен мектептің өзара іс-қимылын күшейтудегі отбасылық құндылықтар;
- 11-сынып оқушыларын қорытынды аттестаттау;
- оқу жылының қорытындылары, оқушылардың білім сапасы;
- білім беру ұйымдарының қамқоршылық кеңестері және ата-аналар комитеттері
- Ата-аналардың орта білім беру ұйымдарының қоғамдық өміріне қатысуы (әкелер клубы, қариялар кеңесі және т.б.).