Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)-60-42-89
email: sosh24@goo.edu.kz
Адрес: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
8(7182)-60-42-89
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
"ЖАС МАМАН БОЛУ ОҢАЙ МА?" ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ СЕМИНАР
02-11-2019 19:36

2019 жылғы 01 қарашада Павлодар қ. №24 ЖОМ ММ «Жас маман болу оңай ма?» тақырыбында семинар өтті. Мақсаты: мұғалімдерге сабақтарды өткізу, балалармен өзара әрекет ету туралы ұсыныс беру. ДОТЖО Айгуль Шапкеновна Казимова «Жас педагогтың педагогикалық ұжымға бейімделуі» бойынша кеңес беріп, жас мұғалімдерге арналған жадынамалар таратты. Екінші сұрақ бойынша «Педагогтардың аттестаттауы: қалай дайындалу қажет?» тақырыбында Ольга Яковлевна Слывоцкая сөз қозғады. Педагогтардың аттестаттауы туралы толық ақпарат берді: -біліктілік санаты туралы ( "педагог-модератор", "педагог-сарапшы", "педагог-зерттеуші", "педагог-шебер"). Сонымен қатар, педагогтың жетістіктері қандай болуы қажет деген сұрақтарға толық түсініктеме берді. -ҰБТ (өтініштерді қабылдау мерзімі).

Үшінші сұрақ бойынша психолог - Жанар Темиржановна баяндады. Ол тренинг өткізіп, ол арқылы бір-бірімізді жақсы таныдық. Психологтар әртүрлі жағдаяттық сұрақтар қойды. Соның бірі Күнделік электронды журналына қатысты болды. 1-жағдаят – мұғалімдер жас мамандардың сұрақтарына жауап беріп, көмектерін көрсетті. Көп маңызды ақпарат берді. 2-жағдаят – мұғалімдер жас педагогтардың сұрақтарына жауап бермей, көмектерін көрсетпеді. Семинардың қорытынды бөлімі «Директор сағаты» деп аталды. Онда мектеп директоры Нургуль Шампатовна Рахимгожина "Әркімді тыңдау..." тақырыбында сөз қозғады. Аталмыш семинарда "Педагог тұрғасы?" , "Қиын жағдайларды қалай шешу қажет?", "Өз-өзіңді жетілдір" және т.б. мәселелер талқыланды.