Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)-60-42-89
email: sosh24@goo.edu.kz
Адрес: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
8(7182)-60-42-89
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«ЗАМАНАУИ ҚАЗАҚСТАН. КӨШБАСШЫ САБАҚТАРЫ. ЕЛБАСЫ» СЫНЫП САҒАТЫ
29-11-2019 12:21
«ЗАМАНАУИ ҚАЗАҚСТАН. КӨШБАСШЫ САБАҚТАРЫ. ЕЛБАСЫ» СЫНЫП САҒАТЫ

ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай №24 ЖОМ ММ-де 29 қарашада «Заманауи Қазақстан. Көшбасшы сабақтары. Елбасы» тақырыбында 7 сынып оқушыларына ашық сынып сағаты өткізілді. Аталған іс-шараның мақсаты – өсіп келе жатқан ұрпақты патриотизмге, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге тәрбиелеу, Тұңғыш Президент күнінің маңызын айқындату. Балалар еліміздің тұңғыш президенті Н.Ә. Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстанның қалыптасып дамуына қосқан үлесі туралы көрсетілген фильмді үлкен қызығушылықпен қарады.

Жетінші сынып оқушылары Елбасының ерең еңбегі туралы әңгімелесті, өлеңдер оқыды. Балалар алдында Қазақстан Халықтары Ассамблеясының жастар қанатының төрағасы Р.Р. Смаилов сөз сөйледі. Ол өзінің бірнеше рет Елбасымен кездескенін атап өтті. Шараның соңында оқушылар ұрандар айтты.