Сенім телефоны
8(7182)-60-42-89
email: sosh24@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
8(7182)-60-42-89
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Тұңғыш Президент күніне арналған VIII жастар патриоттық форумы
29-11-2019 20:16
Тұңғыш Президент күніне арналған  VIII жастар патриоттық форумы

29 қарашада сағат 15.00 часов Павлодар қ. №24 ЖОМ ММ-де Тұңғыш Президент күніне арналған «Болашақ - жастардың қолында» VIII жастар патриоттық форумы өтті. Форумға 400-ден астам 8-11 сынып оқушылары мен педагогтары қатысты. Мақсаты – қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, оқушылардың Елбасының елдің қалыптасуындағы рөлі туралы түсінік қалыптастыру, Елбасының өмірбаяны туралы білімдерін кеңейту.

Форумның қонақтары ретінде ҚР Журналистер Одағының мүшесі, мемлекеттік қызмет ардагері, ғылым кандидаты, С.Торайғыров ат. ПМУ «Журналистика» кафедрасының профессоры Женис Исаевич Мананбаев; Қазақстан кәрістер ассоциациясы Павлодарлық филиалы төрағасының орынбасары, «Спорт және өнер» жоғары мектебінің төрайымы Раиса Самсоновна Афанасьева-Ким; PhD докторы, өңіріміздің ең жас қауымдастырылған профессоры, Павлодар облысының жас ғалымдарының төрайымы, Nur Otan партиясының саяси кеңесінің мүшесі Ирина

Юрьевна Чидунчи; мектеп қамқоршылар кеңесінің басшысы, «Табыс қайырымдылық қоры» қоғамдық қордың төрағасы Аманжол Алжабаевич Аралов шақырылды.