Сенім телефоны
8(7182)-60-42-89
email: sosh24@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
8(7182)-60-42-89
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Құттықтаймыз!!!!
02-12-2019 11:08
Құттықтаймыз!!!!
Бүгін 01 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Павлодар облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Жастар кеңесі мен Павлодар педагогикалық университеті студенттік кәсіподағының ұйымдастыруымен облыстық футзал турнирі өткізілді. Жарысқа 8 команда қатысу алды. Айта кетерлігі бұл турнирге облысымыздың орта, кәсіптік және және жоғарғы білім беру мекемелерінің білім алушылары мен оқытушылары қатысты, жалпы сайыста түскен қатысушылардың басым көпшілігі мектеп-студент жасындағы жасөспірімдер. Алайда жастығына қарамастан бұл ойыншылар үздік ойын өрнегін көрсете білді.  Тартысқа толы жарыс қорытындысы бойынша жүлделер келесі ретте бөлінді. Жүлделі 3 орынды Павлодар қаласының #24 мектебінің оқушылары Toraigyrov University колледжінің студенттерін ұтып иеленсе, 2 орын Павлодар педагогикалық университетінің #2 Студенттер үйінің студенттеріне бұйырды.  Ал жарыс жеңімпаздары Павлодар облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Жастар кеңесі командасы. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтай отыра, жарысты өткізуге қолдау көрсеткен Павлодар облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының төрайымы Гүлбарам Наурызбаева мен Павлодар педагогикалық университетінің ректоры Алтынбек Нухұлына жеке алғыс білдіреміз.
Жеңісті күндер көп болғай ағайын!