1 сыныптар арасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне арналған патриоттық форум
13.12.2019ж 1 сыныптар арасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне арналған патриоттық форум өтті. Бұл форумның мақсаты жас жеткіншек өскелең ұрпақты Отанды сүюге, елін, жерін қадірлеп, құрметтеуге, тілін қастерлеп еліміздің патриоты болуға баулу. Форумға мектеп белсенділері, оқу озаттары, республика, облыс көлеміндегі жарыстардың жеңімпаздары қатысты.Бірінші сынып оқушылары Отан туралы, ел, жер туралы өлеңдерін оқып, еліне деген сүйіспеншіліктерін көрсете білді.Форум соңында жас бүлдіршіндер бойынан Отанға деген ыстық сүйіспеншілік пен ықыласты сәби көздерінен байқагандай болдық.