Сенім телефоны
8(7182)-60-42-89
email: sosh24@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
8(7182)-60-42-89
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
"Қош келдің, жаңа 2020 жыл!"
26-12-2019 22:41

Бүгін бастауыш қазақ сыныптарына арналған жаңа жылдық ертеңгілік өтті. "Қош келдің, жаңа 2020 жыл!" Мерекеміз өте көңілді, жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Оқушыларды мерекемен Директордың оқу - тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Ш.Казимова құттықтады. Ертеңгілік барысында Жаңа жылдың шығу тарихы, шыршаны кеспеу, жыл басы -тышқанның келуі молшылық пен ырыстың нышаны екені көрсетілді.
Шыршаға бастауыш сыныптар өте әдемі киініп, өнерлерімен Аяз ата мен Ақшақарды, достарын таңқалдырды.
‌ Бүгінгі мерекеміздің жоғары деңгейде өтуіне ат салысқан қазақ сыныптарының жас мамандарына және бастауыш сынып мұғалімдері мен ата-аналарымызға алғысымызды білдіреміз. ‌Жаңа жыл жақсылығын ала келсін!