Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)-60-42-89
email: sosh24@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
8(7182)-60-42-89
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«ЖАҢА БІЛІМ САПАСЫ: САУАЛДАР, БАҒАЛАР, ЖЕТУ ЖОЛДАРЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС
09-02-2020 01:03
«ЖАҢА БІЛІМ САПАСЫ: САУАЛДАР, БАҒАЛАР, ЖЕТУ ЖОЛДАРЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС

Бүгін №24 ЖОМ ММ-де «Жаңа білім сапасы: сауалдар, бағалар, жету жолдары» тақырыбында педагогикалық кеңес өтті. Мақсаты: мектепті жаңа білім моделіне бейімдеу. Міндеттер: 1. Жаңа білім сапасының маңызды сипаттамаларын және мектеп жағдайында оларға жету жолдарын анықтау 2. Білім беру процесінің барлық субъектілерінің білім берудің жаңа сапасына жету деңгейін анықтау. 3. Мектептегі оқу процесінің ерекшеліктері мен дәстүрлеріне сәйкес білім берудің жаңа сапасына жету жолдарын белгілеу. Бүгінгі педагогикалық кеңестің тақырыбы кездейсоқ таңдалған жоқ. Соңғы онжылдық жаңа

тұжырымдамалық идеялар мен дамудың жолдарын іздеуде мектеп білімі үшін қарқынды білім беру кезеңі болды. Қазіргі білім беруді дамыту мен оны реформалаудың міндеттерін анықтауда оның сапасын қамтамасыз етуге басымдық беріледі. Соңғы жылдары сапа мәселесі өзекті мәселелердің біріне айналды. Пед.кеңеске дайындық барысында білім беру үрдісінің қатысушыларынан, әкімшіліктен және қауымдастықтан сауалнама алынды. Бәріне бір ғана сұрақ қойылды: сапасы жақсы білім – бұл … Бәрі де білім сапасының өзгеруіне байланысты. 7-11 сынып оқушылары «Менің армандайтын мектеп» тақырыбына шығармалар жазды, 1-4оқушылары аталған тақырыпта суреттер байқауына қатысты. Педагогикалық ұжым пед.кеңеске белсенді қатысты.