ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУДЫҢ БІРЫҢҒАЙ СЫНАМА САБАҚТАРЫ
![ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУДЫҢ БІРЫҢҒАЙ СЫНАМА САБАҚТАРЫ](/media/img/blogs/5e84c5325cbec.jpg)
2020 жылғы 1 сәуірде №24 ЖОМ ММ-де қашықтық режимде онлайн сабақтар өтті. Барлық педагогтар әдістемелік нұсқаулықтарға сәйкес сабақтарын өткізді, оқушыларды қашықтықтан оқытудың ережелерімен таныстырды. Сынама сабақ жақсы деңгейде өтті, оқушылар қашықтықтан оқытудың әдістерін меңгерді, ата-аналар балаларына көмек көрсетті. Онлайн режимде оқушылар мен ата-аналар сұрақтар қойды, оларға мектеп әкімшілігі мен пән мұғалімдері жауап берді. Сынып жетекшілері Zoom жүйесінің жұмысы мен оған қосылу бойынша нұсқаулық өткізді.