Сенім телефоны
8(7182)-60-42-89
email: sosh24@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
8(7182)-60-42-89
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
ЕРТІС телеарнасында «Дертке дауа» тақырыбында тікелей эфир
15-07-2020 22:42
ЕРТІС телеарнасында «Дертке дауа» тақырыбында тікелей эфир

 Мектеп психологы: педагогика және психология ғылымдарының магистрі  Жанар Темиржановна Калиева

Карантин кезінде үйде отыру кей адамдарды күйзеліске шалдықтырады. Бұл уақытша кезеңді күйзеліссіз өткеруге көмектесетін пайдалы кеңестер.

 

Дүрлікпеңіз
Ғаламтордағы барлық «қорқынышты» хабарға сене бермеңіз. Егер жағдайдың қалай өрбіп жатқанын білгіңіз келсе, сенімді әрі беделді ақпарат көзін ғана оқыңыз. Егер өз ойыңызды тыныштандыра алмасаңыз, медитация жасаңыз. Бірнеше рет терең тыныс алыңыз және ойларыңызды ретке келтіріңіз.

 

Жұмыс процесін ұйымдастырыңыз
Егер үйден жұмыс істесеңіз, өзіңізге жұмыс орнын жасап алыңыз. Күн тәртібін дайындаңыз. Күнде бір уақытта тұрып, бір уақытта жатыңыз. Егер кешке дейін жұмыс істеп отыра берсеңіз, көп ұзамай энергияңыз таусылып, күйзеліске ұшырауыңыз әбден мүмкін.

 

Белсенді үзілістер жасаңыз
Төрт қабырғаның ортасында отырсаңыз да, қозғалуға тырысыңыз: жаттығу жасаңыз және созылыңыз. Қазір Youtube желісінде үйден шықпай-ақ спортпен айналысуды үйрететін сабақтар көп. Олардың көпшілігіне арнайы құралдар да қажет емес.Денсаулықты қалыпта ұстау үшін аптасына 150 минутты физикалық белсенділікке жұмсау қажет. Ол дегеніміз – күніне 20 минуттан көп уақыт жаттығу жасау.

 

Өз-өзіңізді дамытумен айналысыңыз
Бұрын кейінге қалдырып жүрген нәрселерді карантин кезінде орындауға мүмкіндік бар. Мысалы: ағылшын үйрену, жаңа фильмдер мен сериалдар қарау, кітаптар оқу және т.б.

 

Жақындарыңызды ұмытпаңыз
Қазір туыстарыңызға қонаққа бара алмайсыз және достарыңызбен кездесе алмайсыз. Бірақ оларға телефон шалып, жағдайларын сұрауды ұмытпаңыз.

 

Үй тазалаңыз
Күнде бір істен бітіріп отырыңыз. Үйдегі заттарды біртіндеп реттеу сізді болып жатқан жағдайдан алаңдатады және көптен бері қолыңыз тимей жүрген шаруалар жасалады.