Сенім телефоны
601920
email: sosh26@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Семенченко көшесі, 70
601920, 602114, 601968
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
дүйсенбі 15.00 - 18.00, жұма 11.30 - 13.30
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Қазақ тіліндегі жүз жаңа оқулық әлемінде» атты кітап дефилесі
02-04-2021 14:22
«Қазақ тіліндегі жүз жаңа оқулық әлемінде» атты кітап дефилесі

«Қазақ тіліндегі жүз жаңа оқулық әлемінде» атты кітап дефилесі Павлодар облысының «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бөлімінен республикалық медиа гридке ұсынылды. Ол туралы хабарлама республикалық порталда орналастырылуы тиіс. Мектеп кітапханасы бұл іс-шараны zoom режимінде онлайн түрде 10-11 сынып оқушылары арасында өткізді. Аталған іс-шара «Рухани Жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында білім алушылардың гуманитарлық білімді мемлекеттік тілде әлемдік үлгіде алуына жағдай жасау. Іс-шара барысында «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық әлемінде» жобасы туралы ақпараттық парақтар, «Рухани Жаңғыру» кітапханасы виртуалды кітап көрмесі және «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық әлемінде» тұсаукесері көрсетілді. Іс-шара қатысушылары: «Білім беруді дамытудың инновациялық орталық» әдіскері Ж.А. Муталипова, БАИ «Өрлеу», «Рухани Жаңғыру» мұражайының бас маманы А.Р. Жунусова, ИнЕУ ғылыми кітапхана бибилиографы М.Е. Амренова, №26 ЖОББМ тарих пәнінің мұғалімі А.С. Шахметова, №26 ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі және «Сұлтанбет Баhадур Сұлтан» кітабының бірлескен авторы А.К. Байгабулова. Біздің қонақтар оқушыларға әлемдік үлгідегі оқулықтардың қазақ тіліне аударылуы туралы, олардың маңызы мен үздің оқулықтар қатарымен таныстырды. Оқушылар сөзө сөйлеушілерді мұқият тыңдап, қатысушыларға сұрақ қойды. Барлық қатысушылар пәнді оқуда оны туған тіліңде меңгерудің маңызын көрсетті және әлемдік мәдениеттің есігін ашты.