Телефон доверия
601920
email: sosh26@goo.edu.kz
Адрес: Павлодар қаласы, Семенченко көшесі, 70
601920, 602114, 601968
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
дүйсенбі 15.00 - 18.00, жұма 11.30 - 13.30
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Мұғалімдер күнімен
01-10-2011 06:28
Мұғалімдер күнімен

Біздің № 26 мектепте Мұғалімдер күніне арналған  концерттік бағдарлама өте қызық және ұмытылмас өтті. Әр мұғалімнің ерекшеліктеріне сәйкес  таңдалған  әндер мәтіндері  негізгі сценариі болып шықты.  Мұғалімдердің өздері  халықтық білімнің агенттері ретінде  таныстырылды және әрқайсысына сипаттама берілді.

Әр ұстазбен таныстыру презентациямен қосталды,  бұл көрермендерге мұғалімді өз көзімен көруге  мүмкіндік берді.  

Оқушылардың әзіл  тақпақтары мен әндері де болды, ал бір ән біздің музыка мұғалімі Б.А. Увалиев орындауында өтті.

Сол күні, өзін-өзі басқару күні,  мектеп әкімшілігінің ролін 10-11 сыныптар оқушылары атқарды, директор Әлібек Толеуов және оқу ісінің меңгерушілері сахнада  барлық мұғалімдерді құттықтады.

     

Осыдан кейін сол күні оқушы болған шынайы директор Н.П. Паршукова директор Әлібекті биге шақырды.

    

Біздің мектепке жаңа оқу жылы жұмыс істеуге  келген жаңа мұғалімдерді де атап өту ұмытылған жоқ.  Оларға әзіл анттар беріліп, музыкалық нөмір арналды.

Концерт аяқталған соң ұстаздар толық қанағаттанбағаны туралы айтып, осы қызықты концерттің жалғасуын сұрады.  Мұғалімдердің  күлкілері және қол шапалақтары ұзаққа жалғасты.