5«А»-сынып оқушылары 9 мамыр мерекесіне қарсы соғыс ардагері Төкен атаймен кездесуге барды. Төкен атай жас ұландарды құшақ жая қарсы алды. Оқушыларға өзінің, майдандас достарының соғыста, Ленинград қаласын қорғауда өшпес ерліктері туралы сыр шертті. Жуырда ардагер атамыз мемлекетіміздің қолдауымен Ленинградқа барып, майдан даласында өткен жылдарын есіне алғандығын әңгіме етті. Өз жері мен Отаны үшін, келешек ұрпақ үшін жан қилы соғыста ердің ері шыдайтын жаңбырша жауған оқ пен қарша бораған бомбаның арасында нәзік жүректері тасқа айналып, гүл ғұмырлары ажалдың қанды тырнағына іліккен майдандас достарын да еске алды.
Ардагер Төкен атамыз оқушыларға ризалығын білдіріп, ақ батасын берді. Біз де ардагер атамызды Жеңіс күнімен құттықтап, ұзақ ғұмыр тілей отырып, келешек ұрпақ үшін жасаған ерліктері біздің есімізде мәңгі сақталатындығын айтып, алғысымызды білдірдік.Тәуелсіздікке қол жеткізген осынау жарқын күндерде туған өлкемізде, байтақ Қазақстанда, бүкіл әлемде тек бейбітшілік болса екен дейміз.Отанымыздың мәртебесі арта берсін! Жеңіс күні жасасын!
Сынып жетекшісі: Акпарова Т.Т.