Дәрігермен кездесу.
1 қазан күні Қазақстанда қыз балалардың адам папиллома вируске қарсы вакцинация бойынша пилоттық жоба бастау алады. 19 қыркүйек күні №26 ЖОМ-де гинеколог-дәрігер А.З.Омаровамен кездесу өтті. Оған 2001-2002 жылы туылған қыздардың ата-аналары шақырылды. Дәрігер қыз балаларды адам папиллома вируске қарсы вакцинациялау қажеттілігін айта отырып, әлемде папилломның таралу статистикалық мәліметтерге нақтырақ тоқталды.Осы жобаға қатысты ата-аналар сұрақтарын қойды. Сұрақтары көп болғандықтан Әсия Зинатқызы барлығына жауап бере алмай 65-71-30 телефон нөмірін ұсынды.