Телефон доверия
601920
email: sosh26@goo.edu.kz
Адрес: Павлодар қаласы, Семенченко көшесі, 70
601920, 602114, 601968
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
дүйсенбі 15.00 - 18.00, жұма 11.30 - 13.30
In a year
In a month
In a week
Yesterday
5 "А" сынып – жүлдегер!
25-10-2014 03:05
5

Мектебімізде арайлы алтын күздің келуіне байланысты орта буын оқушыларының арасында "Күзгі бал" мерекесі өтті. Бұл мерекеге оқушылар үлкен дайындықпен келді. Мереке түрлі байқаулардан тұрды. Мектебіміздің әр оқушысы мерекеге барынша өз үлесін қосты.

«Күзгі бал» сайысына әр сыныптан (5-7 сыныптар) 1 қыз бала және 1 ер бала қатысты. Қатысушылар мынандай кезеңдерден өтті: 1.Таныстыру 2. Күзгі киімдер көрсетілімі 3.Үй тапсырмасы (күзгі гүлдер шоғы) 4.Жанкүйерлердің көрсетілімі 5.Күзгі би 6. Бейне жазба. Олардың осы кезеңдерден сүрінбей өтуіне сынып жетекшілері, сыныптастары, ата-аналары ат салысты. Оқушыларымыздың өнерін әділ қазылар алқасы бағалап, кеш соңында қорытындысын шығарды. 5 А сыныбымыз 2-орынға ие болды.  Алақай! Өте қуаныштымыз!