Телефон доверия
601920
email: sosh26@goo.edu.kz
Адрес: Павлодар қаласы, Семенченко көшесі, 70
601920, 602114, 601968
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
дүйсенбі 15.00 - 18.00, жұма 11.30 - 13.30
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Қорғаншы және қамқоршы органдар балалар патронаттық тәрбиешілерге тәрбиелеуге беру.
28-12-2013 05:08
Қорғаншы және қамқоршы органдар балалар патронаттық тәрбиешілерге тәрбиелеуге беру.

23.12 күні № 26 мектептегі дөңгелек үстел тақырыбы, сондай-ақ №4 ЖОМ, №21 ЖОМ мектеп қорғаншыларына арналды, бір бірімізбен танысып, туындаған сұрақтар қойылды және жылы лебіздерімізді білдірдік. Қазіргі кезде жетім баланың жарым көңіліне қуаныш сыйлап, баланы өз қамқорлығына алып, оларға ата-аналық махаббатын сыйлаған жандар баршылық. Сондай алтын жүректі жандарға үкіметіміз қолдау көрсетуде. Мысалы, соңғы жылдары баланы жаңа отбасына бейімдеудің тағы бір түрі - патронаттық тәрбие жолға қойылды. Патронаттық тәрбиенің - жетімдіктің алдын алуға және баланың үлкендермен, айналасындағы адамдармен тұрақты түрде қарым-қатынас жасап отыруына және олардың психикасының дұрыс дамуына әсері мол.

Қорғаншы және қамқоршы органдар балалар патронаттық тәрбиешілерге тәрбиелеуге беру кезінде оның этникалық шыққан тегін, белгілі бір дінге және мәдениетке қатысын, ана тілін ескере отырып, баланың мүддесін басшылыққа алады. Ағайындыларды, олардың мүдделеріне жауап беретін жағдайларды қоспағанда, ажыратуға жол берілмейді.

Баланы патронаттық тәрбиешілерге беру пікірі ескеріле отырып, ал он жасқа толған баланы беру оның келісімімен жүзеге асырылады.

Патронаттық тәрбиешілерге берілген бала алиментке, зейнетақыға, жәрдемақыға және басқа да әлеуметтік төлемдерге құқығын, сондай-ақ тұрғын үй-жайға меншік құқығын немесе тұрғын үй-жайды пайдалану құқығын сақтайды.   Тұрғын үй -жайы болмаған жағдайда тұрғын үй заңдарына сәйкес оған тұрғын үй-жай берілуге құқығы болады.

Патронаттық тәрбиешілерді іріктеуді қорғаншы және қамқоршы органдар жүзеге асырады. Әрбір баланы асырап-бағуға ай сайын Қазақстан Республикасының үкіметі белгіленген тәртіппен және мөлшерде ақшалай қаражат төленеді. Қорғаншы және қамқоршы органдар патронаттық тәрбиешілерге қажетті көмек көрсетуге, баланың өмірі мен тәрбиесі үшін қалыпты жағдай жасауға жәрдемдесуге міндетті және патронаттық тәрбиешілерге жүктелген баланы асырап-бағуға, тәрбиелеу және білім беру жөніндегі міндеттердің орындалуын бақылауды жүзеге асыруға құқылы.

Балалар үйіндегі балаларға үкімет қанша жағдай жасаса да, ата-ананың мейірім шуағына жетпейді. Сондықтан жүрегі кең, тұрмысы тәуір азаматтар балалар үйінен қамқоршылыққа, патронатқа бала алып жатса, елімізде жетім балалар саны азаяр еді.