Мектеп қабырғасында 17 наурыз күні «Наурыз мейрамы» өтті. Онда ән де шырқалды, би де биленді, өлең-тақпақ та айтылды. Оның өтілуіне жауапты болған ұстаз Нургалиева Гүлнар Өкеновнаның шәкірттері де өз өнерлерін ортаға салды.
Сахнада әр сыныптан балалар шығып, «Қара жорға» биін биледі, одан 4 «А»-сыныбы да қалыспады.
Оны өткізу барысында 4 «А»-сынып оқушылары сахналық көрініс әзірледі. Олар наурыз мерекесінің қарсаңында қыздардың «ұйқы ашар» дәмін әзірлеп, жігіттер қыз-келіншектерге «дір еткізер», «селт еткізер» сыйлықтарын жасау туралы, Қызыр бабаны тосарда жасалатын ырым-жоралғыларды сахнада әсем де мазмұнды етіп көрсетті.
Оқушылардың ата-аналары балаларына қазақи киім әзірлеп, бөстек, құрақ көрпе сынды заттарды әкелді. Қайргельдинов Данаттың әкесі қазақша үстел әкеп берсе, Далабаева Дарияның анасы бауырсақ пісіріп әкелді. Шарафиденова Дарияның, Зейнолла Санжардың, Дидар Даниярдың, Қалқабай Айнұрдың, Бекен Елдананың ата-анасы сахнаны безендіруге керекті заттарды әкелді.Акпаров Алишер, Габдулманап Айтолды, Есенгельдинов Бибол, Жақсыбаев Чингиз, Идрисов Нурали, Кабенов Дастан, Кунанбаева Раджана, Кыдырканов Толағай, Машрап Ахмеди, Омарханова Рузалья, Рамазанова Айғаным, Толеген Диляра сахналық көріністі әдемі киімдерімен көркейтті.
Наурыз мерекесін өткізуге ерекше ат салысқан ата-аналарға алғысымды білдіріп, отбасыларыңа бақыт, береке, молшылық тілеймін.
Сынып жетекшісі: Нуртазина Ш.А.