Сенім телефоны
601920
email: sosh26@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Семенченко көшесі, 70
601920, 602114, 601968
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
дүйсенбі 15.00 - 18.00, жұма 11.30 - 13.30
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қызықты экскурсия
11-06-2014 08:26
Қызықты экскурсия

Бүгін «Өзіңді танып біл» тобы көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған облыстық арнайы кітапханаға барды. Мүмкіндіктері шектеулі жандарға мемлекеттің көрсететін қамқорлығы туралы айтқан оқырман залының кітапханашысы О.Н.Фаткинаның әңгімесін балалар қызығушылықпен тыңдады.

Тифлопедагог–кітапханашы Ж.К.Кенжебекова Брайл жүйесі, арнайы алфавит, сондай-ақ  заманауи ақпараттық технологиялардың көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға заманға сай өмір сүруге, білім алуға, Қазақстан Республикасының толық құқысы бар азамат болуға көмектесетінін туралы айтып берді.

 

Қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Л.М.Артамонова көзі көрмейтін балалардың жасап шығарған заттар көрмесін көрсетіп, балалардың ән айтып, би билеп және барлық байқаулар мен мейрамдарға белсенділікпен қатысатыны туралы сөз етті.

  

Біз көзі көрмейтін жандардың жасаған өнімдер көрмесін тамашаладық.

Кездесу соңында есте қаларлықтай жалпы фотосуретке түстік.

Мейірімділік пен қамқорлық жасаған үшін осы кітапхананың барлық қызметкерлеріне және мемлекетімізге үлкен алғысымызды білдіреміз!