Телефон доверия
601920
email: sosh26@goo.edu.kz
Адрес: Павлодар қаласы, Семенченко көшесі, 70
601920, 602114, 601968
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
дүйсенбі 15.00 - 18.00, жұма 11.30 - 13.30
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Бүгін бәріміздің осында келгеніміз тамаша болды...
26-06-2014 05:47
Бүгін бәріміздің осында келгеніміз тамаша болды...

Менің атымДанил Величко. 7 маусым күні мен және мектебіміздің тағы 4 оқушысы Бурабайда орналасқан «Сұңқар» лагеріне демалуға бардық. Лагерьде мейірімді тәрбиешілер мен аға жетекшілер қарсы алды. Топ тәрбиешіміздің аты Наталья Владимировна, аға жетекшіміздің есімі Айтолқын. Олар 10 күн бойы екінші ана бола алды. Бізге қызықты болу үшін үлкендер қолдан келгендерін жасады. Лагерьде көптеген түрлі үйірмелер жұмыс жасады: «Епті қолдар», «Биле-биле!», «Қара магия», «Табиғаттағы ойындар». Маған қызықты болған соң, барлық үйірмелерге қатыстым. «Мойдодыр мерекесі», «Туған күн иелер күні», «Керісінше күні», «Ақ түсті күн» сияқты іс-шаралар, әсіресе,  «Теңіз қарақшылар күні» ерекше есте қалды.Онда біз теңіз қарақшылар және қазына іздеушілер болып ойнадық. 4 рет жорықта болып, «Екі ағайын» атты тауына шықтық. Соңында алау мен от шашу ұйымдастырылды. Лагерьде көптеген жаңа достармен таныстым. Олармен қоштасу әрине қиын болды. Бос қолмен оралған жоқпыз. Лагерьде өткен іс-шараларға белсенділікпен қатысқаны үшін мен және мектебіміздің оқушылары Лера Громакова, Кристина Шулико грамоталарға ие болдық.

     Демалысты есте қаларлықтай етіп ұйымдастырғандардың барлықтарына рақмет!   

 

5Б сынып оқушысы Данил Величко