Телефон доверия
601920
email: sosh26@goo.edu.kz
Адрес: город Павлодар, улица Семенченко, 70
601920, 602114, 601968
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
понедельник 15.00 - 18.00, пятница 11.30 - 13.30
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Жас ұлан» журналына ақ жол
23-11-2008 18:00
«Жас ұлан» журналына ақ жол

Талай шәкірттерге білім беріп, қанатын қатайтып, өмірге жолдама берген 26 білім ордасы қала орталығынан шалғай орналасқан. Біздің мектепте балауса, балғын жүрекпен сөзден өрнек өріп, өлең жазып, талаптанып жүрген ақынжанды жас өрендеріміз баршылық. Өнерді жанына медеу тұтқан , сөзден өрнек өруде аз да болсын қанаттанып қалған жас ұландарымыздың шығармашылығын мектеп көпшілігіне паш ету мақсатымен ұйымдастырылған «Жас ұлан» журналының жарыққа шыққанына 2 жылдай болып қалды. Журнал мектептің жас оқырмандардың сүйіп оқитындығына күмәніміз жоқ. Олар журналдың жаңа басылымын асыға күтеді.Жас тілшілер, оқырмандар өздерін ойландырып- толғандырып жүрген сырларымен бөлісе алады.

Журналдың «Сенің дарынды достарың», «Ұлағатты ұстазды үлгі тұтамын», «Балалар шығармашылығына ақ жол» атты айдармен берілген бөлімдерде шәкірттер өздерінің ұстаздары мен дарынды достарының жетістіктерін көпшілікке паш етеді.

Журналдың жарыққа шығуына ат салысып, жаңа ғана ұшуға қанатын қомдаған жас тілшілерімізге ақ жол тілеймін. Басылым жетекшісі:қазақ тілі мен әдебиет Тоғжан Тілеуғабылқызы Акпарова.

Менің сүйікті үйірмем.

Менің сүйікті үйірмем-«Ұлан» үйірмесі. Бұл үйірменің жасөспірімдерге берері мол. Сөз маржандарының қыры мен сырын туған тілімізді сүюге, шығармашылығымызды шыңдай түсуге көмектеседі. Үйірмеміздің жетекшісі Акпарова Тоғжан Тілеуғабылқызына алғысымыз шексіз.

№26 ЖОМ оқушысы Жұмаш Айжан