Құттықтаймыз!
Достық үйінде қала әкімі Б.Ж.Бакауовтың қатысуымен мұғалімдер күніне арналған қалалық мереке өткізілді. Қала әкімінің салтанатты қабылдауында білім беру мекеме жетекшілеріне құрмет көрсетілді. Бұл іс-шараға мектебіміздің аса қадірлі директоры Надежда Петровна Паршукова қатысты.
Надежда Петровна салтанатты түрде «Білім беру жүйесінің дамуына қосқан үлесі үшін» ескерткіш белгісімен марапатталды.