Телефон доверия
601920
email: sosh26@goo.edu.kz
Адрес: Павлодар қаласы, Семенченко көшесі, 70
601920, 602114, 601968
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
дүйсенбі 15.00 - 18.00, жұма 11.30 - 13.30
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Жеңістерің құтты болсын, жас зерттеушілер!
13-11-2014 11:48
Жеңістерің құтты болсын, жас зерттеушілер!

«Зияткерлік ұлт – 2020» мемлекеттік бағдарламасын орындау аясында 2014 жылғы 7 қараша күні Павлодар қаласының №25 ЖОМ-де 1-7 сынып оқушылар арасында «Зерде» республикалық зерттеу жұмыстар мен жобалар байқауының облыстық кезеңі өткізілді. Информатика пәнінің мұғалімі М.Н.Литвинчуктің жетекшілігімен іріктеу кезеңінен (қалалық кезең) өткен 5 «В» сынып оқушылары Елизавета Жалецкая және Арина Мельник «Курочка Ряба» атты орыс халық ертегісінің желісі бойынша «Ермексаздан жасалған мультфильм» атты зерттеу жұмыстарын ұсынды. Байқаудың қорытындысы бойынша олар жеңімпаз болып атанды (3 орын!). Құттықтаймыз!!! Алдағы уақытта жас зерттеушілерімізге табыс тілейміз!