Бейсенбі, 20 қараша күні біздің 3 «В» сыныбымыз өлкетану мұражайы бойынша экскурсия жасады. Экскурсия жетекшісінен мұражайдың 1942 жылы қаланғанын және оған Орта Азияның саяхатшысы, зерттеушісі, Павлодар облысының тумасы – Г.Н.Потаниннің есімі берілгенін білдік. Мұражайдың екі табиғат бөлмесіне кіріп, лекция тыңдадық. Балалардың бірінші көрме залында көрген экспонаттар ерекше әсер қалдырды: Лебяжі ауданына қарасты Жамбыл ауылының Ертіс терраса шөгінділерінде табылған үлкен мүйізді бұғының толық қаңқасы, сондай-ақ Ертістің түрлі аудандарында жүргізілген қазу жұмыстары нәтижесінде жиналған мамонттың қаңқасы, басқа да өлген жануарлардың жеке сүйектері мен қаңқа бөлшектері. Балалар өздерінің алған әсері бойынша жазған шығармаларын «Дүниетану» сабағында оқыды.
Сынып жетекшісі А.М.Тимофеева