Оқушылардың пәндерге деген сүйіспеншілігін арттыру құралының бірі – пән апталығы. Аталған іс – шара оқушылардың пәндерге деген қызығушылықтарын дамытып қана қоймай, олардың өз бетінше қосымша әдебиеттерді, сөздіктер мен анықтамаларды оқуға, шығармашылыққа деген өзінің талпынысын дамытуға, ой-қиялын оятуға жетелейді.Пән апталығы оқушылардың жеке ерекшеліктерін дамытуына әсер етіп, өз бетімен жетілуге, жоспарлау және өзін-өзі бақылау дағдыларын қалыптасып, интеллектуалдық аясын кеңейтеді. Мұғалімдер де мектепте оқытылып жатқан пәндердің маңыздылығын көрсетуде. Сонымен қатар пән апталығы оқушылар арасындағы қызықты сайыстардың бірі.
Онкүндік өткізудің мақсаты:
– орыс, қазақ және ағылшын тілдеріне деген қызығушылықтарын, пәндерді тереңдетіп оқу ниеттерін арттыру;
– оқушылардың қабілеттерін анықтау;
– балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Мемлекетімізде көптілдіктің маңыздылығын арттыру мақсатында 4 ақпаннан 11 ақпанға дейін мектебімізде көптілдік бойынша онкүндік өтті. Онкүндік бойы түрлі іс – шаралар өткізілді.
4 ақпан күні онкүндіктің салтанатты ашылуы өтті. Онда балалар үш тілде өлеңдер оқып, ән айтып, қойылым көрсетті. 5 сынып оқушылары «Туған жер» әнін шырқаса, 6 «Б» сынып оқушылары ағылшын тілінде жүргізілген жаттығу жасады.