Құттықтаймыз!
2017 жылғы 24 қараша күні Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» БДДБҚО Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Үш қоңыр» АРТ – фестивалінің «Сәнді тренд» ІІІ кезеңін өткізді. Бұл іс – шараға жалпы білім беретін 30 мектептің ішінен 150 оқушы қатысты. Фестивальдің мақсаты – балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, рухани – адамгершілік тұлғаны тәрбиелеу. Әр команда 21 ғасыр сән бағытының көрінісін табатын өз қолымен жасаған авторлық топтама киімдерін ұсынған болатын.
«Үш қоңыр – 2017» АРТ–фестивалінің І дәрежелі дипломына және кубогына ие болған 4 «Б» сынып оқушылары командасын құттықтаймыз!