2015 ж. 2 қазанда Машһүр Жүсіп оқулары өтті. 11 а сынып оқушысы Қарсыбаева Ғазиза алғыс хаттын марапатталды. Жетікшісі: Р.Р. Ысқақова
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлына арнау Қазақтың өткен талай ақындары , Жүрегіме жыр берген жақын бәрі. Ішінде Мәшһүр Жүсіп атамыздың, Бұл күнде толық жатыр оқырманы. Жасынын шешен болған сөзге пысық, Ақындық ,зеректікпен көзге түсіп . Шын аты Адам Жүсіп болғанымен, Атаныпты кейіннен Мәшһүр Жүсіп. Өтседе қазағымда қаншама ақын, Бәрінің өз орны бар тамсанатын. Мәшһүр Жүсіп атамыз өлең жазып, Жыр дастанды жатқа айтып , ән салатын. Өзінің жатқа айтатын жыры болған , Қазақтың ерекше бір ұлы болған. Араб, парсы, шағатай тілдерінде , Баянауыл медресесінде білім алған. Талай елді жасынан аралаған, Сапардың қиынына қарамаған. Өзінің бар білімін жетілдіріп , Халқының салт-дәстүрін бағалаған. Ұрпағы бабалармен мақтанады, Ата сөзін ұлықтап, бақ табады. Мәшһүр Жүсіп атаның жақсы аты, Мәңгілік есімізде сақталады.