Математика, информатика және физика апталығы
![Математика, информатика және физика апталығы](/media/img/blogs/5e3bd7d62b687.jpg)
27 мектепте 3-7 ақпан аралығында математика, информатика және физика пәндері апталығы өтеді.
Апталық аясында 3-4 сыныптар арасында "Мен және Информатика"атты суреттер сайысы өтті.
4.02 күні 5-8 сынып оқушылары арасында пәнге деген танымдық қызығушылықтарын арттыру мақсатында "Сен, мен және информатика" викторинасы және үзіліс кезінде "Синонимдер"сайысы ұйымдастырылды. Барлық сынып оқушылары байқауға белсене қатысты.