Телефон доверия
87713277695
email: sosh28@goo.edu.kz
Адрес: С. Торайғыров көшесі, 24
53-05-12, 53-17-48, 62-73-82
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі 14.00 - 17.00 бейсенбі 14.00 - 17-00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
ҚР мемлекеттік рәміздері күні
05-06-2013 09:01
ҚР мемлекеттік рәміздері күні

Павлодар аймағында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнін тойлау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздері алаңынан "Астана" мұз сарайына дейін "Менің Қазақстаным!" атты жастар шеруімен жалғасын тапты.

 

Мерекелік шаралардың бел ортасында  студенттер, облыстық жастар ұйымдарының көшбасшылары, әскери қызметкерлер, аймақтың зауыт қызметкерлерімен қатар біздің мектеп оқушылары болды. Көк байрағымызды желбіретіп, Елтаңбаны биікке көтерген шеруге қатысушылар Мемлекеттік рәміздер алаңынан бастау алып, Лермонтов көшесімен жүріп өтіп, "Астана" Мұз сарайында "Менің Қазақстаным" аймақтық патриоттары форумы қатысты.

Алдымен мемлекеттік Ту мен Елтаңба төрге шығарылып, одан соң ән ұран шырқалды. Аймақ басшысы Ерлан Арын Форумға қатысушыларды мерекемен құттықтады.

Мемлекеттік рәміздер - тәуелсіз еліміздің ажырамас бөлігі, асыл құндылығы, қасиетті нышаны. Бұл құндылықтар әр азаматтың бойына патриоттық сезімді ұялатады. Биыл білім саласында, спорт додаларында павлодарлықтардың жетістіктері туралы айтылып өтті.

 Форумға үш мыңнан астам адам қатысты.