Телефон доверия
87713277695
email: sosh28@goo.edu.kz
Адрес: С. Торайғыров көшесі, 24
53-05-12, 53-17-48, 62-73-82
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі 14.00 - 17.00 бейсенбі 14.00 - 17-00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
1 қазан - Қайырымдылық күні
01-10-2013 12:37
1 қазан - Қайырымдылық күні

Мен қарапайым қарттарды сүйем,

Не деген керім еді!

Не біледі осы жұрт, не біледі?!

Бабалардың баласы — қариялар

Сиреп бара жатқандай көрінеді.

Сақалыңнан айналдым, қарт-бабалар,

Ұрпағыңа не айтасың артта қалар?

О, тірі шежірелер, қалдырыңдар,

Қанеки, нелерің бар салтқа жарар?

Қанеки,  нелерің бар Аталарым?

Ұрпағыңа ұран қып апарамын.

Сенімдеріңді ақтаймын, ақтаймын да,

Сендердің мұрагерің атанамын.

Осылай деп қарттардан қалап келем,

Өнеге, өсиетін санап көрем.

Санап көрем,… тоймаймын… сұранамын,

Себебі мен де бір күн жауап берем.

Қарттар бізді тастайды-ау, күйінемін,

Ой, өмір-ай неғылған қиын едің!?

Сондықтан да садақ боп иілемін,

Сауыт болам, тек қана киіне біл...

Қадірлі қарттарымыздың мерекесі құтты болсын! Жанарларынан жас ақпай, еңселері биік боп, жер бетіндегі қуанышты сәттерге куә болып жүре берсін. Қарттар аман болсын!