Телефон доверия
87713277695
email: sosh28@goo.edu.kz
Адрес: С. Торайғыров көшесі, 24
53-05-12, 53-17-48, 62-73-82
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі 14.00 - 17.00 бейсенбі 14.00 - 17-00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Жолдауы
10-01-2018 11:21

2018 жылдың 10 қаңтарында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев әдеттегідей Қазақстан халқына Жолдауын ұсынды. «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауы Қазақстанның жаңа әлем көшбасшыларының қатарына қосылу үшін отандастарымыздың басты міндеттерді шешуге жұмыла кірісетіндігін айқындады. Бұл:

- Қазақстан индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиіс;
- Ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту;
- «Ақылды технологиялар» - агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі;
- Көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру;
- Құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу;
- Қаржы секторын «қайта жаңғырту»;
- Адами капитал – жаңғыру негізі;
- Тиімді мемлекеттік басқару;
- Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі;
- «Ақылды қалалар» «ақылды ұлт» үшін.
«Адами капитал – жаңғыру негізі» міндетін жүзеге асыру – тікелей біздің парызымыз. Өйткені білім берудің жаңа сапасын арттыру мақсатында орта білім беру саласы жаңартылған білім мазмұнына көше бастады. Математика және жаратылыстану ғылымдарын оқу сапасын күшейтіп, жастарды жаңа технологиялық қалыпқа дайындау қажеттілігі, технологияларды дамытатын орталықтардың жабдықталуы, үштілдік саясат, латын тіліне көшу мәселесі Жолдауда ашылды. Дені сау ұлт, сапалы жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандырудың әділетті жүйесінің мәселелері де орын алды.
Елбасымыздың Жолдауын жүзеге асыру – тарихи өрлеу бастауында тұрған біртұтас ұлт екеніміздің дәлелі болмақ. Іске сәт, қазақстандықтар!

Павлодар қаласы №28 ЖОМ қазақ тілі мұғалімі Әлкеева Р.С.