«Мейірімді жүрек» атты қамқоршылар күні мерекесі
Жүргізушілер іс-шараға қатысушыларды құттықтап және бүгінгі күнгі көрсеткіштермен таныстырды. Отбасы махаббатын сезінген баланың ғана еліне деген махаббаты оянары сөзсіз. Себебі мемлекет отбасынан басталады. Отбасы қадірін білген, сезінген, соның ыстық-суығына төзген жасөспірім ғана ертең елінің қадірін білетін, сезінетін, ыстық-суығына төзе алатын азамат бола алады. Бойында еліне деген сүйіспеншілігі бар азамат қана еліміздің жарқын болашағына жарқын жол бастар білімді де білікті азамат болуына ықпал жасау бүгінгі күнгі басты мақсатымыз.