Бүгін, әлеуметтік тұрақсыздық жағдайда, ұлттық қарым –қатынас шиленіскен, рухани құндылықтарды жоғалтқан заманда бейбітшілік және қоғамдық адамгершілік кепілі ретінде, мектептің атқарып отырған ролі аса маңызды.
Осыны негізге ала отырып, мектептің тәрбие жұмысының басты мақсаты: дене бітімін және баланы әлеуметтендіру, тәрбиелік ортаның ықпал ететін патриоттық, рухани-адамгершілік білім сапасын қамтамасыз ету жағдайында , мектептің тиімді жұмысы болып табылады.
Мектепте «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында бір қатар іс –шаралар жоспары әзірленді, сонымен қатар «Туған жерге тағзым»зерттеу-өлкетану жобасы әзірленіп, бекітілді. Қойылған мақсаттарды жүзеге асыру үшін келесі міндеттер қойылды:
- "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жетілдіру негізінде ұлттық сана сезімді қалыптастыру, адамгершілік және қоғамдық қасиеттерін дамыту;
2. "Мәңгілік ел" Патриоттық актісін жүзеге асыру аясында қазақстандық патриотизмді және оқушылардың рухани-адамгершілігін дамыту;
3. Қосымша білім беру жүйесінің сапасын жетілдіру;
Қойылған міндеттерді іске асыру үшін басым бағыттар айқындалды, олар арқылы тәрбие жұмысы жүзеге асырылды.
"Бағдарламасы "Рухани жанғыру" патриоттық бағыт, туған жерге деген сүйіспеншілікке, оның мәдениеті, қазақ халқының салт-дәстүрлерін айқын анықтайды.
Оқушылардың танымдық қызметін дамыту мақсатында Павлодар мұражайларына бару кестесі әзірленді. Кестеге сәйкес 5 «а» сынып оқушылары Павлодар облысы көркем мұражайына барып келді.
«Туған жер» тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 5 б сынып оқушылары Д. Багаев атындағы музейге барып келді. Бұл үйде біздің өлкеміздің фотографы, өлкетанушысы шетелге танымал тұлға, Дмитрий Поликарпович Багаев, тұрған.Балалар үлкен қызығушылықпен музей экспонаттарын, оның ішінде Д.Багаевтің өзі пайдаланған заттарын, фотосуреттерін тамашалып шықты.
8 "А" сынып оқушылары Бұхар жырау атындағы мұражайға барып қайтты. Балалар үшін керемет көрме ұйымдастырылды, олар тарихи деректермен танысты. Сонымен қатар Павлодар өңірі жазушылар өмірі мен шығармашылығымен танысты.
14 қазан күні Рухани жаңғыру тәрбие жұмысы аяснда мектепте келесі іс-шаралар өткізілді: «Болашаққа менің көзқарасым» сынып сағаты, «Асық games» ұлттық ойыны бойынша жарыс, «Достық шеберханасы» атты ұлттық қолөнер сабағы, Құрманғазы күйлерін орындау музыкалық флешмобы. Оқушылар өз күндерін өте қызықты және тиімді өткізді.
Сынып ұйымын ұжымдастыру мақсатында 1 сынып оқушылары мен сынып жетекшілері Шарбақты ауданының Орловка ауылына барып қайтты. Экскурсия барысында оқушылар ауылдың көрікті жерлерін аралып, мал шаруашылығы фермасын және ауданның даму тарихы жайлы мәлімет беретін музейге барды.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру жұмыстары аясында және ҚР Бірінші предиденті күні мерекесі қарсаңында 27 қараша күні мектеп оқушылары үшін «Болашаққа бағдар» видеофильмінің көрсетілімі өтті.
11 қараша күні мектебіміздің барлық сыныптарында «Ұлы дала елі» жобасы ауқымында «Бір шаңырақ астында» тақырыбындағы сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаты: балаларға тәуелсіздік туралы түсінік беру, халықтар арасындағы достықты бағалауға, отанды сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Мектебімізде 5-9 сынып оқушылары үшін «Қазақ тілінің латын әліпбиіне көшу мәселесі» тақырыбындағы семинар өткізілді. Аталмыш семинарға Инновациялық Еуразия университетінің филология ғылымдарының докторы, профессор Иманбаева Ғайша Ертайқызы мен Молдағали Бахытгүл қатысым көрсетті. Балалар лекция тыңдап, өздерін қызықтыратын сұрақтарына жауа таба алды.
14 желтоқсан күні «Рухани жаңғыру» республикалық жобасының аясында мектебімізде 3-4 сыныптар арасында Асық ату ойыны бойынша жарыс өткізілді.
Асық ойындары ұлт ойындарының ішіндегі арыдан келе жатқан көнелерінің бірі болып табылады. Асық ойыны баланың жастайынан жүйке жүйелерін шыңдап, оларды дәлдікке, ептілікке,ұстамдылыққа тәрбиелейді
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.
ҚР Тәуелсіздік күні мерекесіне орай мектебімізде келесі іс-шарарал өткізілді:
- Бастауыш сынып оқушылары үшін «Отанымызды мақтан етейік!» атты мерекелік концерт;
- «Тәуелсіздік күні» видеоролигін тамашалау;
- «Қазақстан халықтарының ұлттық ойындары» тақырыбындағы қызықты қоңырау үзілістері;
- «ҚР Тәуелсіздігі» аттыкітап көрмесі;
- «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты 5,6,7 сынып оқушыларына арналған мерекелік концерт;
- «Жас Ұлан» ұйымына 5 сынып оқушыларын қабылдау;
«Ең басты құндылығымыз – Тәуелсіз Қазақстан!» атты 8,9,10,11 сынып және «Павлодар облысының 80 жылдық» мерейтойына байланысты мектепте «Туған қалам» атты сурет конкурсы ұйымдастырылды. Аталмыш конкурсқа бастауыш сынп оқушылары белсене ат салысты.
15 қаңтар күні мектепте «Павлодар облысының 80 жылдық мерейтонйына» арналған сынып сағаты өткізілді. Сынып сағаты Павлодар өңірінің танымал тұлғаларына арналған. Бұл уақытта балалар Павлодар өлкесінде туып есімдері әлемге әйгілі болған Бұхар жырау, Мұса Шорманов, Мәшхур Ж.Көпеев, Сұлтанмахмұт Торайгыров, Естай Беркімбайұлы сынды тұлғалардың өмірімен танысты.
Сынып сағатының мақсаты оқушылардың туған өлкесі тарихымен таныстыру, өз жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру.
Сонымен қатар тарих пәні мұғалімі А.З.Шарафиева « История в лицах» атты сыныптан тыс шараны өткізді. Оқушылар өз баяндамаларын дайындап, сұрақтарға жауап берді.
1ақпан күні мектептің барлық сыныптарында Ел басының «Тәуелсіздік дәуірі» кітабын насихаттауға бағытталған сынып сағаты өткізілді. Жаңа туындыда егемен мемлекеттің негізі қаланған күннен бастап оның қалыптасу кезеңдерінің ерекшеліктері мен 26 жылдық тәуелсіздік дәуіріндегі ішкі және сыртқы сын-қатерлерді еңсеруге байланысты қабылданған шешімдердің мән-мазмұны мен тетіктері егжей-тегжейлі баяндалады.
11 қаңтар күні барлық сыныптарда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында сынып сағаты өткізілді. МақсатыОқушыларды Отанды сүюге, өз елін, тарихын білуге, жалпыадамзаттық құндылықтар мен терең көзқарастарды сіңіру арқылы таным белсенділіктерін арттыруға бағыттау.
3 ақпан күні бастауыш сынып оқушыларының ата-аналары үшін ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыс барысында келесі сұрақтар қарастырылды:
1) 2 тоқсан қорытындылары.
2) мектеп жарғысында өзгерту мен толықтыруларымен таныстыру.
3) мектеп формасы.
4)ата-аналарды «Рухани жаңғыру»бағдарламасымен таныстыру.
8 наурыз мерекесіне орай «Ұстаздар, Сіздерге рахмет» акциясы аясында Педагогика еңбек ардагерлері шақырылуымен мерекелік концерт өтті. Концерттің соңында «Тілек шарларын аспанға ұшыру» акциясына мектеп түлектері мен еңбек ардагерлері қатысты.
Наурыз – Ұлыстың Ұлы күні. Наурыз – жыл басы. Бұл күн, күн мен түн теңесіп, табиғат ананың оянып, жер көгеріп, төрт түлік төлдеп, ақ құйылып, дүние әлемнің жаңарып, жайнаған кезі. Бұл мереке жыл бойы күтілетін мерекелердің бірі. Еліміздің барлық жерлерінде жар салып атап өтіледі.
Наурыз мейрамы мерекесіне орай мектебімізде келсі шаралар өтті:
- 6-7 сынып оқушыларына арналған мерекелік концерт «Наурыз думан»;
- 2, 3, 4 сынып оқушыларына арналған мерекелік концерт «Қош келдің, әз Наурыз!»;
- «Наурыз мейрамы» сурет конкурсы;
- 5 сынып оқушыларына арналған мерекелік концерт «Наурыз! Наурыз! Наурыз!»;
- 8-9 сынып оқушыларына арналған мерекелік концерт «Әз, Наурыз»;
- экскурсия «Менің туған қалап – Павлодар» (5а, 5в, 6в, 6г, 7в);
- 22 наурыз күні аудан тұрғындарына арналған мерекелік шаралар.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында мектепте «Туған жерге тағзым» атты жоба өз жұмысын бастады. Жобаның мақсатыоқушыларға патриоттық тәрбие беру, өлкетану бойынша білімдерін кеңейту. Бірінші зерттеу жұмыстарын 10 сынып оқушылары №29 ЖОМ-ң түлектері, 9 сыныптар- педагогика еңбек ардагерлері, 8 сыныптар-Павлодар мұражайлары тақырыбында зерттеді. Оқушылар кездесулерді ұйымдастырып, мұрағат құжаттарымен танысты. 7 сыныптар Павлодар қаласының ескерткіштері, 6 сыныптар-Оқу орындары, 5 сыныптар-Павлодар қаласының мұражайлары тақырыбынжа жұмыс жасады. Ал бастауыш сынып оқушылары: Павлодар қаласының кітапханалары, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, Павлодар өңірінің әйгілі спортшылары мен әйгілі жазушылар.
Бағдарламаны іске асыру барысында мектеп мұражайы мектеп кітапханасымен бірлесе отырып өлкетану әдебиетін насихаттау бойынша іс-шаралар, өлкетану кітабына, қазақстандық авторлардың шығармаларына қызығушылығын арттырады.
Біздің мектепте әзірленген жоспар бойынша, әр апта сайын оқушылар, біздің Отанымыз – Қазақстан тақырыбы бойынша дөңгелек үстелдер, виртуалды саяхаттар, викториналар, әдебиет оқу, спорттық іс-шаралардың қатысушылары болады.
Мектепте мемлекет маңыздылығы зор әр бағыттағы жұмыстар көрсетілген стенд безендірілді. Осы бағдарлама бойынша мектеп кітапханасында көптеген маліметтер жинағы бар, ол үнемі толықтырылады.
8 сынып оқушылары арасында мемлекет Басшысының арнайы жобасын орындау мақсатында олимпиада өткізілді. Мектеп олимпиадасының мақсаты өз Еліне, мәдениетіне, деген сезімдерін арттыру. Қазақ халқының дәстүрлері мен мәдениеті бойынша білімдерін кеңейту. Олимпиада қорытындылары бойынша ең мықты оқушылар марапатталды.
Күзгі демалысында «Атамекен-Тур» компаниясымен бірлесіп автобуспен қала ішінде «Менің қалам» атты саяхат ұйымдастырылды. Саяхаттың мақсаты оқушылардың өлкетануға деген қызығушылықтарын арттыру. Саяхат бірнеше күн бойы өтті. Саяхатқа 150 астам бала қатысты.
«Tәрбие және білім» бағдарламасы
Өмірдің саяси, әлеуметтік және экономикалық салаларын дамыту қоғамдық сананың өзгерісі арқылы жүреді.
Қоғамдық сана өзгерісі Қазақстан халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын жоғалтпастан, сындарға жауап беруге мүмкіндік беретін жобаларды іске асыруды талап етеді. Негізгі шарттардың бірі – өз елінің мәдениетін және ұлттық мәдени-генетикалық кодын сақтау. Кез келген халықтың ұлттық коды туған өлкеге, оның мәдениетіне, әдет-ғұрыптарына, дәстүрлеріне ерекше қатынастар арқылы қалыптасады.
Патриоттық сезім өзінің жеріне,кішкентай Отанына деген сүйіспеншіліктен басталады. Кіші отанға деген сүйіспеншіліктен үлкен Отанға, өз еліне деген махаббат оянады.
Бағдарламаның соңғы нәтижелеріне қол жеткізу үшін негізгі Өлкетану жобасы іске асырылады, яғни жергілікті тарихи білім беру оқушылардың рухани құндылығы мен практикалық бағдарлануына ықпал етеді, сондай – ақ сыныптан тыс факультативтік іс-шаралар мен үйірмелер арқылы жүзеге асырылады.