«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Білім Министрлігінің 2023 жылғы 07 тамыздағы №248 бұйрығына сәйкес 2025-2026 оқу жылында 1-сыныпқа түсу үшін құжаттарды қабылдау ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап, 31 тамызға дейін жалғасады.
1 сыныпқа қабылдау https://egov.kz/порталы арқылы жүзеге асырылады.
Осы жылы баланы бірінші сыныпқа бергісі келетін ата-аналар (заңды өкілдер) 2025 жылғы 1 сәуір мен 31 тамыз аралығында «egov.kz» порталына кіріп, өтініш беруі керек.
Өтінім кез келген компьютерден, гаджеттен болашақ бірінші сынып оқушысының ата-анасының (заңды өкілінің) электрондық-цифрлық қолтаңбасын (ЭЦҚ) пайдалана отырып беріледі.
Өтінім үшін қажетті құжаттар:
- ата-аналардың (немесе оларды алмастыратын адамдардың)өтініші;
- баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
-«Профилактикалық егу картасы» 065/у анықтамасының электрондық көшірмесі.
- «Бала денсаулығы паспорты» 052-2/у анықтамасының электрондық көшірмесі;
- Баланың 3х4 см сандық фотосуреті.
Айта кету керек, Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мектептер ағымдағы күнтізбелік жылы алты жасқа толатын, оған қызмет көрсету аумағында тұратын барлық балаларды бірінші сыныпқа қабылдауды қамтамасыз етеді.