Қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі.
Білімі жоғары.
Санаты жоғары.
Еңбек өтілі 38 жыл
Оқу үрдісіне озат тәжірибе мен ғылыми жетістіктерін зерттеп, жинақтап енгізу жұмыстарына басшылық жасау. Мұғалімдердің сабақ беру сапасы мен оқушылардың білім сапасын қадағалап отыру. Мұғалімдердің кәсіби байқауларын ұйымдастыру. Оқушылардың педагогикалық бағыттағы кәсіптік бағдар беру жұмыстарына басшылық жасау. Мұғалімдерге әдістемелік нұсқаулар дайындауды үйлестіру. Сыныптан тыс жұмыс пен пәндік үйірмелер жұмысының сапасына жүйелі бақылау жасау. Оқушылардың мектепішілік пән олимпиадаларымен білім байқауларын ұйымдастыру. Мұғалімдердің кәсіби шеберлігі мен біліктілігін көтеруді ұйымдастыру. Мектептің педагог қызметкерлерінін аттестацияға дайындау және өткізуге қатысу. Әдістемелік пен бірлестік жетекшілеріне басшылық жасау. Мектептің әдістемелік жұмыстарына қатысу. Мұғалімдердің шығармашылық топтарының жұмыстарын ұйымдастыру, мектеп мүмкіндігіне сай әртүрлі тәжірибе жұмыстарын үйлестіру. Жоғары оқу орындарының мамандарын мұғалімдер мен оқушылардың ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруға тарту. Жетім,жартылай жетім және қамқорлықсыз қалған балалармен жұмыс.