Біздің мектепте тәрбие ісі бойынша директордың орынбасары Асемгүл Арыстанқызы Апсалямованың және аға тәлімгер Бекен Әйгерім Жұмашқызының жетекшілігімен жоғарғы сынып оқушылары Кеңесінің жұмысы белсенді жүргізілуде. Жоғары сынып оқушыларының кеңесі - оқушылардың ұжымдық іс-әрекеттерін ұйымдастыру формасы, олардың өздігінен дамуына, қоғамдық маңызды мақсаттарға жету үшін шешімдерді қабылдауға және жүзеге асыруын қамтамасыз етеді. 23 қаңтар күні мектебіміздің Жоғарғы сынып оқушылары Кеңесінің кезекті отырысы өтті. Оқушылар аға тәлімгермен бірге жұмыс жоспарын ойластырып болғаннан кейін, бастауыш сынып оқушыларымен «Салауатты өмір салты» тақырыбында әңгіме өткізіп, тұмаудың алдын-алу туралы ақпаратты парақшаларды таратты.