2017 жылдың 18 қаңтар күні жол жүру ережелерін түсіндіру мен жолдағы құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында №29 жалпы орта білім беру мектебінде бастауыш сынып және 5 сынып оқушылары үшін «Жол қозағылысының жас инспекторлары» үгіт бригадасының жұмысы жүргізілді. «Жол қозағылысының жас инспекторлары» үгіт бригадасы 5 «е» сынып оқушыларынан құралған. Бұл топтың жұмысы «Барлығы бағдаршам туралы» ұранымен өткізілді. Жас инспекторлар оқушыларға жол жүру ережелері туралы мағлұмат беріп, бағдаршамның пайда болу тарихы мен алғашқы бағдаршамның бейнесі қандай болғаны туралы әңгімеледі. Одан кейін оқушылармен «Автомульті» және «Жұмбақтар қиылысы» аты тематикалық ойындар жүргізді