13 желтоқсан күні ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай 6«в» сынып оқушылары мен сынып жетекшілері 6 сынып оқушыларына арналған мерекелік концерт ұйымдастырды. Оқушылар Қазақстан елінің тәуелсіздігі жолында күресі жайлы мағлұмат берумен қатар, өздерінің өнерлерін көрсете білді.