Физика пәні бойынша ІІ юниорлық олимпиада
2019 жылдың 04 қазан күні №7 жалпы орта білім беру мектебінде 7-8 сынып оқушылары арасында физика пәнінен ІІ юниорлық олимпиада өткізілді.
Олимпиада 2 кезеңңен тұрып, тапсырмалары күрделілігіне қарай әр түрлі болды. Екінші кезеңде тапсырма бойынша оқушылар екі тәжірибе жасады . Ол тәжірибелерді көрсетуге физика теориясы мен түрлі зертханалық жабдықтармен жұмыс жасай білу дағдылары қажет болған.
Олимпиада қорытындысы бойынша жоғары дәреже көрсеткен оқушылар І, ІІ ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. 8в сынып оқушысы Ботай Аман І орынды иеленіп, физика пәні үздігі атанды.
Ботай Аман қарашаның 12-сі күні өтетін облыстық кезеңінде бақ сынамақ. Сәттілік тілейміз!