Этно-Fashion
Наурыз мерекесі қарсаңында мектебімізде "Этно-Fashion" ұлттық киімдер фестивалін өткізу дәстүрге айналды.
3 "Г" сынып оқушыларымен ұлттық киімнің пайда болу тарихы туралы әңгіме өткізілді. Ұлттық киім-бұл жай ғана киім-кешек емес, себебі адамдар ғасырлар бойы осы киімге жанын, бар өнерін салып, оған ерекше қасиеттер берді. Киім тігудің өзі ерекше бір өнер, матаны таңдаудан бастап ою-өрнектермен безендіруге дейін өз алдына символдық белгі. Ұлттық киім халықтың салт-дәстүрі мен өмір салтын, рухани мәдениетін, халықтың темпераментін көрсетеді.